«Азат» сауда үйіндегі өрт ауыздықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Азат» сауда үйіндегі өрт ауыздықталды

«Азат» сауда үйіндегі өрт ауыздықталды

Алматыда «Азат» сауда үйінде шыққан өрт ауыздықталды. Қызыл жалын 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады. 

  • 11 Наурыз 2014
  • 311
Фото - Caravan.kz

«Ғимараттың 2-қабатындағы оргтехника мен жиһаздың өртенуі салдарынан қалың түтін пайда болып, өрттің сөндірілуін кешеуілдетті», — деп мәлім етті қалалық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Екатерина Журавлева. 

Оның айтуынша, оқиға орнына 60 маман, 13 арнайы техника жұмылдырылды.



«Өрт сағат 12.07-дер шамасында сөндірілді. Жапа шеккендер мен құрбан болғандар жоқ», — деп қорытындылады ТДЖ қызметкері.