Джастин Бибердің даңқының арқасында байымақ болған норвегиялық азамат абақтыға жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джастин Бибердің даңқының арқасында байымақ болған норвегиялық азамат абақтыға жабылды

Джастин Бибердің даңқының арқасында байымақ болған норвегиялық азамат абақтыға жабылды

АҚШ соты әйгілі канадалық әнші Джастин Бибердің концертін ұйымдастырушысының атын жамылған Норвегия азаматын 11 жылға түрмеге жапты, дейді америкалық БАҚ.

  • 11 Наурыз 2014
  • 370
Фото - Caravan.kz

2012 жылы тамыз айында норвегиялық азамат Валид Ахмед АҚШ-тың бір инвесторын алдау арқылы скандинав елдерінде Дж.Бибердің концертін ұйымдастыруға 1 млн $ салуға көндірген.

Алаяқ әншінің менеджерлерімен ешқандай келісім жасамаған. Ақшаны алу үшін ол жалған құжаттар пайдаланған.

Сот алаяқ құрбанына В.Ахмедті 1 млн $ қайтаруға міндеттеді. Сонымен қатар, ол түрмеден шыққаннан кейін үш жыл бойы АҚШ билігінің бақылауында болады.