Мектеп оқулықтарында олқылық көп - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектеп оқулықтарында олқылық көп

Мектеп оқулықтарында олқылық көп

Мектеп оқулықтарының мазмұны сын көтермейді. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі  Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова  осындай пікір білдірді.

  • 11 Наурыз 2014
  • 590
Фото - Caravan.kz

«Оқулықтардың білім мазмұны берекесіз, бір-бірімен ешқандай байланыс, сабақтастық жоқ. Артық дүние өте көп. Жылдан-жылға сағат саны азайып, мазмұны көбейіп келеді. Мен өзім математика пәнінің мұғалімімін. 10-11 сыныптарда туынды, интеграл, ықтималдық теориясы оқытылады. Ал ол бірінші курсқа барғанда жоғары оқу орындарында қайталанады. Мұндай жайт жалғыз математикаға емес, барлық пәнге тән», — деді ол.

Сондықтан да оның пайымынша, оқулықтарда оқушылардың өміріне қажетті, ең керекті материалдарды ғана қалдырып, мазмұнын ықшамдау қажеттігі туындап отыр.

«11-сыныпты бітірген балалар ҰБТ-да қазақ тілінен емтихан тапсырады. А л қазақ тілі дегеніміз — лексика, грамматика, фонетика. Ал бізде 10-11 сыныпта қазақ тілі деп жазылады да сөз өнері, сөз мәдениеті , шешендік сөз сынды тақырып бойынша оқытылады. Шын мәнінде шешендік  сөз де, тіл өнері де бастауыш сыныптан бастап, сабақтастық түрде өзінен-өзі беріліп отырады», — деген ол 10-11 сыныпта оқушылардың ҰБТ-ға дайындығын күшейту үшін  лексика, грамматика, фонетиканы оқыту қажеттігін баса айтты.