Статистикалық агенттіктің бұрынғы басшысы сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Статистикалық агенттіктің бұрынғы басшысы сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Статистикалық агенттіктің бұрынғы басшысы сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппкен сотталған Қазақстан статистикалық агенттіктің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді.

  • 11 Наурыз 2014
  • 447
Фото - Caravan.kz

«Иә, Мешімбаеваның апелляциясы бізге 7 наурызда түсті», — деп бүгін Астананың N2 Есіл аудандық сот кеңсесі растады.

Бұрын хабарланғандай, биыл 14 ақпанда N2 Есіл аудандық соты А.Мешімбаеваны жалпы режімді колонияға жеті жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, сот оның мүлкін тәркілеп, бес жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сот статистикалық агенттіктің талап-арызын қанағаттандырды, ведомствоға А.Мешімбаевадан 558 млн 249 мың 309 теңге өтеледі.


Мұнымен қоса, бюджетке 16 млн 747 мың 482 теңге мөлшерде мемлекеттік баж өндіріп алынады.