-Қалың қалай?
-Мам, послушай, тут такое дело, мы с Диасом в Италию собрались. -Навсегда что ли? Тұра тұршы! А зачем в Италию?…
«Құдалардың» нағыз шытырман оқиғасы, міне, осыдан басталады. Келіні мен ұлдары алыс Италияға сапар шегіп, жалғыз немерені алғашқыда қаладағы ата-енеге табыстап кетеді. Алайда, ауылдағы кемпір мен шал да тыпыршып, немересіне бас-көз болуға бірден қалаға жеткен.
-Амансыңдар ма, құдалар? Пернегуль Аманжоловна, Заттыбек Амангельдиевич, вы тоже здесь? Рада видеть вас.
Бір-бірін суқаны сүймейтін туыстар, осылайша, бір шаңырақ астында қалады. Баланың көңілін аулаудан екі жақ та барынша бір-бірін басып озуға тырысады. ТуындыУкраинадағы «Сваты» атты сериал желісімен түсірілгенімен, ішіндегі қағытпа әңгімелер барлығы қазақи!
-Ей, Аружан қайда? Аружан? Е, Аружан ол жерде болған жоқ қой…
-Ойбай, жаның шыққыр-ау, іздемейсің ба енді?
-Неге тұрсың?
-Ізде, енді, бол!
«Құда» болуға 200-ден астам әртіс ниет білдіріпті. Алайда, кастингтен тек Бақытжан Әлпейісов, Ирина Ажмұхамедова, Ерболат Оспанқұлов пен Гүлнар Аманжанова ғана өте алды. Ендеше, дүйсенбі күні кешкі жаңалықтардан соң да КТК арнасын көріңіз. Ең күлдіргі сериалдың көрсетілімін жіберіп алмаңыз.