Ғарышкерлер отырған капсула Жезқазған маңына сәтті қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғарышкерлер отырған капсула Жезқазған маңына сәтті қонды

Ғарышкерлер отырған капсула Жезқазған маңына сәтті қонды

Қарағанда облысына «Союз ТМА–10 М» кемесінен бөлінген капсула қонды. Ғарыш кеңістігін 6 айға жуық шарлаған экспедицияның 3 мүшесі аман есен жерге оралды.

  • 12 Наурыз 2014
  • 238
Фото - Caravan.kz


Жезқазған маңына түскен капсулаға құтқарушылар 10 минуттан соң жетті. Жерге оралған ресейлік ғарышкерлер Олег Котов пен Сергей Рязанский және НАСА астронавты Макл Хопкинс. Жалпы 38-ші экпедиция көптеген ғылыми жұмыстармен қатар, түрлі тәжірибелер жасаған. Соның бірі Олег Котов ашық ғарыш кеңістігінде 8 сағат 10 минут қалықтап жүріп рекорд орнатты. Қарағанды әуежайына келген ғарышкерлердің иығына әдеттегідей шапан жабылып, осы жолы қазақтың үкілі домбыралары да сыйға тартылды.