Петропавлда тұрғындар орманды алқаптың оталуына қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда тұрғындар орманды алқаптың оталуына қарсы шықты

Петропавлда тұрғындар орманды алқаптың оталуына қарсы шықты

Петропавлда тұрғындар орманды алқаптың оталуына қарсы шықты. Ағашы иін тірескен жарты гектар алқапты жергілікті кәсіпкер сатып алған екен. Енді осы жерге қонақүй мен мейрамхана салмақшы. Ал жасыл желекті өз қолымен еккен жұрт бұған жол бермеуге бекініп отыр.

  • 12 Наурыз 2014
  • 225
Фото - Caravan.kz

Қала шетіндегі осы ағашты алқапқа техника кіргелі жұрттан маза кеткен. Қайыңдарды қырқып, орнына «қонақүй саламын» деген мына кәсіпкер бас киімін әдейі көзіне түсіріп, сол тұрғындармен сөзге келіп тұр. Түрін көрсетуден қашқан оның орнына түсініктемені заңгері берді.

Всеволод Иванов, жеке кәсіпкердің заңгері:

-Жұрт алқапты ағаштан тазалауға қарсы шығып жатыр.  Бәрін шаппаймыз. Тек екі ғимаратқа қажетті орынды аршимыз. Онда да   ескі ағаштар мен жөкені ғана отап жатырмыз.   

30 сотық орманды алқап 2005 жылы қалалық әкімдіктің қаулысы бойынша жеке кәсіпкерге беріліпті. 6 жыл бойы шидің басын сындырмаған ол 2011 жылы жерді туған інісіне сатқан. Енді ол құрылысты бастау үшін алаңқайды ағаштан тазалауға кірісті. Бұл қайыңдарды тұрғындар кезінде өз қолымен отырғызған.

Нұрлан Рахимов, Петропавл қаласының тұрғыны:
-Мына жер үлкен жол. Барлық газ түтіннің барлығы біздің жаққа соғады. Балалар ауырады. Бұл жерді қырқу мүмкін емес. Президент, бір тал қырықсаң орнына екі тал ек деген еді ғой. Сол сөзді бекер айтпаған шығар.

Жер телімі 2004 жылы орман шаруашылығының балансынан шығарылып қалалық әкімдікке берілген екен.  


Жанкелді Тілеуов, Қызылжар орман шаруашылығы бастығының орынбасары :  

-Бұл қаланың жері. Қазір қала өзі біледі кімге береді, не беретінін. Үкімет қаулысы бойынша ағаш біздің баланста қалады. Бірақ бұлар бізден сатып алған. 2011 жылы сатып алған, ағашты. Биыл енді кіріп,  жасап жатыр. 

-Бұл алқап 2005 жылы әкімдіктің қаулысымен жеке кәсіпкерге берілген. Сол жылдары облысты Тайыр Мансұров басқарып тұрғанда мынадай ағашты алқаптар тұрмақ, көпқабатты үйлердің аулалары мен балалар алаңқайлары да жеке меншікке өтіп кеткен екен. Одан бері талай жыл өтсе де, зардабын халық әлі тартып келеді.