Алматыда ірі сауда орталығынан өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Алматыда ірі сауда орталығынан өрт шықты

Алматыда ірі сауда орталығынан өрт шықты

Алматыда құрылыс материалдарын сататын сауда орны отқа оранды. Төрт қабатты ғимаратта қызыл жалын теңертен қылаң берген. Саудагерлер жұмыс орнына келіп үлгермегендіктен өрттен зардап шеккен ешкім жоқ.

  • 12 Наурыз 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz


Кәугерлердің сөзіне қарағанда, қою түтін бастапқыда екінші қабаттағы терезеден шыққан. Кейін күш алып, көрші кеңселерге тарапты. Ал өрт сөндірушілердің жұмысына барар жолдың тарлығы кедергі жасаса керек. Уақыттың басым бөлігі аула ішіндегі жеке көлік иелерін іздеумен кеткен. Дегенмен мамандар жанып жатқан ғимарат ішінен 45 адамды қауіпсіз жерге шығарып, бір сағат ішінде өртті ауыздықтады. Келтірілген материалдық шығын көлімі мен жалынның шығу себептері арнайы тексерістен соң белгілі болмақ.