Көктемгі су тасқынына қарсы ауқымды әзірлік басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көктемгі су тасқынына қарсы ауқымды әзірлік басталды

Көктемгі су тасқынына қарсы ауқымды әзірлік басталды

Қазір Төтенше жағдайлар министрлігі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, қауіпті аймақтарға құтқару топтары мен арнайы техникаларын шұғыл жөнелтіп жатыр.  Өйткені айтып келмейтін апат бюджетті тағы мол шығынға ұшыратуы мүмкін. Осыған байланысты Үкімет бүгін жиын өткізіп, облыс әкімдеріне әрдайым қырағы болуды мықтап тапсырды.

  • 12 Наурыз 2014
  • 278
Фото - Caravan.kz

 Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрі:

–Қауіпсіздікке әкімдер жауапты. Ауа-райындағы өзгеріске байланысты шұғыл шаралар қабылдап отыру қажет. Күні-түні кезекшілік ұйымдастырылсын. Тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер.

Себебі қалыптасқан ахуал шынымен алаңдатарлық. Оның үстіне биыл қар  елімізге мөлшерден көп түсті. Сондықтан еріген қар суы тасқынға ұласып, кез-келген сәтте жағдайды ушықтырып жіберуі ықтимал. Қазірдің өзінде Қызылорда облысы қызыл судан зардап шегіп отыр. «Жағдайдың ушығуына бірден бір себеп» деп Төтенше жағдайлар министрі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолын да атаған болатын. Өйткені, мердігер компаниялар су өткізетін каналдар салуды ұмыт қалдырған. Осының кесірінен миллиардтап қаржы құйылып жатқан автобанға да қауіп төніп отыр. Бүгін премьер жаңа Көлік министріне жолға төнген қатерге байланысты нақты шара қолдануды жүктеді. Ал жауапты шенеуніктер Божко айтқандай қателікті жолдан көріп отырған жоқ.


Замир Сағынов, Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы:

-Үй құрылысы салынғанда негізінде өзінің жоспары болуы керек. Сол жоспарға байланысты сол жердегі су қайда барады ол да жоспарлануы керек еді. Елдімекеннің ішінде де су қайдан өтеді, ол да болуы керек еді. Міне, соның «кесірінен» деп есептейміз.