12 наурызда ел аумақтарының басым бөлігінде жел күшейеді - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
12 наурызда ел аумақтарының басым бөлігінде жел күшейеді - Қазгидромет

12 наурызда ел аумақтарының басым бөлігінде жел күшейеді - Қазгидромет

Бүгін Қазақстанның шығыс өңірлерінде антициклонның ықпалы басым болады, күн ашық, .деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жаса

  • 12 Наурыз 2014
  • 305
Фото - Caravan.kz


Ал батыс аймақтарда атмосфералық ағындардың әсерінен кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ, жел күшейеді. Алматы облысындағы Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы 17-22, ал күндіз 27м/с-қа дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысының бірқатар жерлерінде  тұман түсіп, кей аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа барады. Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодарда, түнде Қарағанды облысында  тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ақмола облысында да осындай жағдай. Мұнда жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін барады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Ақтөбе өңірінде түнде және таңертең тұман болады, ал күндіз кейбір аудандарда желдің екпіні күшейіп, 18 м/с-қа дейін жетеді. Маңғыстау облысында күндіз кейбір жерлерде шаң көтеріліп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 с/қа дейін жетеді.