Ызақор мысық өз иесін «тұтқында» ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ызақор мысық өз иесін «тұтқында» ұстады

Ызақор мысық өз иесін «тұтқында» ұстады

Американдық Орегон штатында салмағы 10 келіге жуық ашулы мысық нәрестеге шабуылдап, үй иелерін «тұтқынға» алды.

  • 12 Наурыз 2014
  • 581
Фото - Caravan.kz

Бұл оқиға Портленд қаласында орын алды. Гималай тұқымына жататын қарала мысық жеті айлық сәбиге бассалып, бетін тырнап тастаған. Бұны көрген нәрестенің әкесі жануарды теуіп жіберген, алайда мысық одан бетер ызаланып,  үйдегі ересек адамдарға тісін батыруға талпынған. Мысықтың ашуынан қаймыққан отбасы мүшелері мен үйдегі ит жеке бөлмеде бас сауғалауға мәжбүр болды.

Мысық өз кезегінде бөлме есігінің алдына жайғасып алып, ешкімді шығармай күзетіп отырған. Бұдан кейін үй иелері полицияның көмегіне жүгініп, олар жануарды шағын темір торға қамауға алды. Әзірге ызақор мысық үй иелерінің қолында, деп хабарлайды Росбалт.