Б.Байбек Еуропа халықтық партиясының ХХІІ конгресіне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б.Байбек Еуропа халықтық партиясының ХХІІ конгресіне қатысты

Б.Байбек Еуропа халықтық партиясының ХХІІ конгресіне қатысты

Еуропа халықтық партиясының (ЕХП) шақыруы бойынша «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бастаған делегация Дублинде өткен XXIІ конгреске тұңғыш рет қатысты.

  • 12 Наурыз 2014
  • 330
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Нұр Отанның» баспасөз қызметінен хабарлайды.

Еуроодақтың билеуші саяси партиясы — Еуропа халықтық партиясы жалпыеуропалық консервативтік центристік саяси партия болып табылады. ЕХП Еуропа одағының, сонымен қатар Еуропа кеңесінің барлық саяси институттарында өкілдік етеді. Партия құрамына 40 елдің ұлттық партиялары енген. Еуропа мемлекеттері мен үкіметтерінің 21 басшысы, Еуропа комиссиясының 13 мүшесі ЕХП мүшелері болып табылады.

Конгресс жұмысында 39 елдің 2000 мыңнан астам өкілі қатысты. Дублинге күллі Еуропа бойынша ЕХП мүше партиялар атынан делегаттармен қатар, Еуропа одағы институттарының басшылары, мемлекет және үкімет басшылары, министрлер, ұлттық және Еуропа парламентарийлері келді.

Аталмыш съезд Еуропа одағын одан әрі институттандырудың жаңа кезеңін белгілеп берді. Съезде алғаш рет Еуропа комиссиясы президентінің орынтағына партия атынан жалғыз кандидат сайланды.

Конгресс жұмысы шеңберінде Б.Байбек ЕХП вице-президенттері Марио Дэвидпен және Германия Бундестагының вице-президенті Питер Хинтцемен кездесті. Сондай-ақ, еуропалық зерттеулер бойынша Орталық кеңестің төрағасы Вернар Фасслабендпен, Германияның христиан-демократиялық одағының (ХДО) билеуші партиясы басшылығымен, ЕХП партия көшбасшыларымен келіссөздер жүргізді.

Кездесулер барысында центристік идеологиядағы еуропалық партиялармен ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды.


Екіжақты кездесулер кезінде Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасының интеграциялық процестерге қатысудағы өмірлік маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы белгілеген ішкі саяси күн тәртібі әріптестерімізбен екі жақты мүдделер тұрғысынан тең дәрежелі әріптестікке Қазақстанның ашық екендігін тұспалдайды. Біз үшін интеграциялық бірлестіктерге қатысу экономикалық құрылысы ұқсас үлкен нарыққа жол ашып, елімізге, оның ішінде инновациялық өндірісті дамытуға ірі инвестициялар тартуға мүмкіндік береді», — деді ол.