Қарағандыда тоғыз жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда тоғыз жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Қарағандыда тоғыз жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Қарағандыда қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері мен «Арлан» арнайы жасағының бөлімі бірлесіп тоғыз жыл бойы іздеуде жүрген 38 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметіне

  • 12 Наурыз 2014
  • 325
Фото - Caravan.kz

Ол Шығыс Қазақстан облысында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін құқық қорғау орындарының назарына іліккен.

«2003 жылдың ақпанында ұсталған адам сыбайластарымен бірге Аягөз тұрғынына қарақшылық шабуыл жасап, оның 400 мың теңгесін қолды еткен», — деп нақтылады облыстың ІІД-нің баспасөз қызметі.


Ұзақ уақыт бойы ізін жасырған ер адам жедел шараларды қолға алу нәтижесінде ұсталды.

«Алдағы уақытта ұсталған адам Шығыс Қазақстан облысына жіберіліп, сот алдында жауап береді», — дейді облыстың ІІД баспасөз қызметінен.