Семейлік мектеп жойылып кеткен жылқының жақ сүйегін тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік мектеп жойылып кеткен жылқының жақ сүйегін тапты

Семейлік мектеп жойылып кеткен жылқының жақ сүйегін тапты

 Семейлік оқушылар Шүлбі су қоймасы жағасынан палеонтология дәуіріне жататын құнды жәдігер тауып алды.

  • 12 Наурыз 2014
  • 320
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан ҒА Зоология институтының сарапшылары табылған заттардың гиппарион жылқысының жақ сүйегінің қалдықтары екенін растады», — деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне «Прииртышье» қоғамының мүшесі Павел Жуков мәлім етті.

Қазір бір кезде Ертіс алқабын мекендеген гиппарионның жақ сүйегі қалпына келтіріліп жатыр.

«Жазда Алматыдан арнайы экспедиция келіп, сол маңайды зерттейді деп үміттенеміз», — деді П.Жуков.


Гиппарион (Hipparion) – үш саусақты жылқының бір түрі. Жоғарғы миоценнен плиоценге дейін тіршілік еткен, құрып біткен жануар.