Грузия Сергей Безруков театрының гастрольдерін тоқтату туралы шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия Сергей Безруков театрының гастрольдерін тоқтату туралы шешім қабылдады

Грузия Сергей Безруков театрының гастрольдерін тоқтату туралы шешім қабылдады

Грузия Сергей Безруков театрының мамыр айында Тбилисиге жоспарлаған гастрольдерін тоқтатты. Бұған әртістің РФ билігінің Қырымға қатысты саясатына қолдау білдіруі түрткі болып отыр.

  • 12 Наурыз 2014
  • 292
Фото - Caravan.kz

«Грузияның Мәдениет палатасы Ресей халық әртістерінің Қырым мәселесінде президент Владимир Путинді қолдайтыны туралы хатына байланысты Сергей Безруков театрының мамыр айында Тбилисиге жоспарлаған гастрольдерін тоқтату туралы шешім қабылдады», — делінген палата хабарламасында.

«Біз Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтынымызды білдіргіміз келеді», — делінген құжатта.