Алматыдағы «Азат» сауда орталығына қасақана от қойылған болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы «Азат» сауда орталығына қасақана от қойылған болуы мүмкін

Алматыдағы «Азат» сауда орталығына қасақана от қойылған болуы мүмкін

Жуырда отқа оранған «Азат» сауда орталығына қасақана от қойылған болуы мүмкін.

  • 12 Наурыз 2014
  • 283
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД тергеу басқармасы бастығы Нариман Ержанов мәлім етті.

«ТЖД зертханасы берген қорытынды орталық қасақана өртелген деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді», — деді ол сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.

Н.Ержановтың айтуынша, сауда үйінің қызметкерлері өрт шықпас бұрын №21 бутикті жалға алушының ғимараттан асығып шығып кеткенін көрген.

Қазір полицейлер одан жауап алып жатыр.


Сонымен қатар, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.