Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Екатеринбургте жергілікті «Автомобилисті»  ұтқан «Барыс»,  үш кездесуден кейін  0:3 есебімен алда тұр. Артем Чернов есеп ашқан. Бірақ  Константин Романов пен Константин Руденко  «Барысқа» жеңіс әкелді.  Екі команда арасындағы серия бүгін қайта жалғасады. Егер астаналықтар жеңіске жетсе келесі кезеңге өтеді. 

  • 13 Наурыз 2014
  • 216
Фото - Caravan.kz

 

Мюнхендік “Бавария” мен мадридттық “Атлетико” чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды. Испандық клуб өз алаңында италияның “Миланын” 4:1 есебімен ойсыратса, “Бавария” мен “Арсенал” тең ойнады.

Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін Бастиан Шванштайгер алаң терін алға шығарды. Сол қапталмен ойқастаған Франк Рибери Германия құрамасының жартылай қорғаушысына тамаша пас шығарған болатын. Бірақ “Бавария” жанкүйерлерінің қуанышы көпке созылмады. Арада не бары 2 минут өткенде Лукас Подольски таразы басын теңестіріп кетті. Матч соңында мюхендіктер жеңіске жететін тамаша мүмкіндікті пайдаланбады. Айып алаң ішінде Арьен Роббенге қарсы тәртіп бұзылған. Нүктеге жақындаған Томас Мюллер “Арсенал” қақпашысы Лукаш Фабяньскиден айласын асыра алмады. Қортынды есеп 1:1. Ал бүгін Астана уақытымен түңгі сағат 1:45 те “Барселона” мен “Манчестер Сити” арасындағы тартысты жіберіп алмаңыздар.  

 

Грозныйда  Гран-при “Беркуттың”  екінші кезеңі аясында  кезекті жекпе-жектер өтті. Бұл жолы  сегізбұрышта 70 және 77 келі салмақтағы сарбаздар сынға түсті.  Осы күні өткен 16 кездесудің тек бірінде  ғана  төрешілердің шешіміне  жүгінуге тура келді. Қалған он бес жекпе-жек  мерзімінен бұрын аяқталды.

Еуропа мен Азияның мықтылары бас қосқан марафондық турнирден қазақ жігіттері де  шет қалған жоқ.  Грозныйға жолы түскен «Алаш-Прайдтың» арландары  әзірге  ерлеп тұр. 70 келідегі үмітіміз  Ермек Тлауов,  жергілікті жанкүйерлердің мақтанышы Сайд-Хамзат Авхадовпен кездесті.  Көпшілік көз тіккен бәсеке ұзаққа барған жоқ. Арада 1 минут 41 секунд өткенде қол ауырту тәсіліне түсіп қалған шешен жігіті  еден соғып қала берді.  Ермектің жеңісті жолын оның командалас әріптесі Махир Мамедов жалғастырды.  Оның қарсыласы Гусейн Омаров  та көпке шыдаған жоқ. Қылқындыру әдісінен құтыла алмаған Гусейн, бір минутқа жетпей жеңілгенін мойындауға мәжбүр болды. 29-шы наурызға жоспарланған  ширек сында Ермек Тлауов  Мұхамед Коковқа қарсы шықса, Махир Мамедов Беслан Исаевты сынаққа алады.