«Қазақстан Барысы» турниріне іріктеу басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан Барысы» турниріне іріктеу басталды

«Қазақстан Барысы» турниріне іріктеу басталды

Байрақты бәсекеге  қатысуға қазірдің өзінде 35 мыңнан астам палуан ниет танытып отыр.

  • 13 Наурыз 2014
  • 259
Фото - Caravan.kz

Биыл қазақ күресінің өткізілу тәртібіне бірқатар өзгерістер енген. Енді айтулы  жарысқа салмағы 80 келіден жоғары, жасы 18-ге толған кез-келген үміткер қатыса алады. Боз кілемдегі тартыстың әділ өтуі үшін төрешілерге талап күшейтіліп, олар алдын-ала сыннан өтпек. Бұл жолы былтырғыдай 12 емес, 6 төреші болады. Турнирге іріктеу еліміздің барлық ауыл, қала, аудан мен облыс орталықтарында мамыр айына дейін жалғаспақ. Ал ақтық бәсеке әдеттегідей 29-шы маусымда Астанадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде өтеді. Жүлде қоры да өзгеріссіз. 150 мың доллар. Бірақ, биыл «Қазақстан барысы» атанған қара күш иесіне көлік берілмейді. Есесіне, тігілген темір тұлпар көрермен көзайымына айналып, жақсы белдескен палуанға табысталмақшы.


Арман Шораев, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы: 

— Биыл ойлап қарасақ, Айбек болсын, Бейбіт болсын, Ұлан болсын, жеңімпаз атанған соң, өздерінің жерлестері, бауырлары көлікті таксопарк қып үйіп жатыр, сүйіншісіне. Сондықтан біз ойлап отырмыз анау 33 палуанның ішінде мықты күрескен, бірақ жеңімпаз болмай қалған палуанға тартсақ дұрыс болады деп ойлаймыз.