Алматыдағы автобус паркінің басшылығы ақша ұрлады деп айыпталуда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Алматыдағы автобус паркінің басшылығы ақша ұрлады деп айыпталуда

Алматыдағы автобус паркінің басшылығы ақша ұрлады деп айыпталуда

Алматыдағы автобус паркінің басшылығы ұзақ уақыт бойы жолақы ұрлаумен айналысқан. Жолаушылардан түскен аз-маз тиын-тебенді кассаға емес, қалтаға басқан бір топ лауазымды тұлға тек бір жыл ішінде 76 млн теңгені жымқырып үлгеріпті. Құлқыны кең шенділерге қатысты Қаржы полициясы қылмыстық іс қозғады. Алайда, қоғамдық көлік иелері ұшты-күйлі жоғалған қыруар қаржыны автобус жүргізушілерінен көріп отыр.

  • 13 Наурыз 2014
  • 218
Фото - Caravan.kz

Осылайша, автобустағы валидаторлардан бір жылдың ішінде 76 млн теңге жоғалған.Қаржы полицейлеріенді екі жыл бұрын қолды болған қыруар қаржатты таппай әлек. Бірақ қаржы полициясы  күдіктілердің атын атаған жоқ. Ал Алматыдағы ең ірі жолаушыларды тасымалдаушы бұл мекемеде қазір жаңа басшы. Бұрынғысы табан асты қызметінен кетіпті. Орында қалған орынбасарлары ұрлық жасаған автобус жүргізушілері деп бәледен басын ала қашты.         


Олег Иванов, «Алматыэлектротранс» ЖШС директорының орынбасары :

-Автобус жүргізуішілері валидаторды өз беттерімен ашып, ақша ұрлап жүрді. Біз қаншамасын қолма-қол ұстадық. Валидаторды жаппай құлыптап та тастадық. Тіпті, пломба қойдық. Содан кейін ғана аздап  ұрлық  тыйылды. Ол қаржыны ұрлаған біз емес, сол автобус жүргізушілері.