Әнші Қайрат Нұртас тағы сотқа келмеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әнші Қайрат Нұртас тағы сотқа келмеді

Әнші Қайрат Нұртас тағы сотқа келмеді

Қайрат Нұртас өзінің концерттінен кейін болған жаппай тәртіпсіздікке қатысты сотқа тағы келмеді! Бұл жолы сот алдында «Прайм Плаза» сауда орталығы директорының өзі жауап беріп жатыр. Ақан Нұрпейісов қала билігіне «концерт жайында ескертпеген» және «бұзақылыққа жол берді» деп айыпталуда. Десе де директор айыптарды негізсіз дейді.

  • 13 Наурыз 2014
  • 299
Фото - Caravan.kz


Ақан Нұрпейісов Қайрат Нұртастың концерті жайлы керекті жердің барлығына ескерттім дейді. Дәлел ретінде сотқа кеш туралы жолдаған хатын да ала келіпті. Ал жәбір көрдім, шығындандым дегендердің актілері дұрыс болмай шықты. Іске соңғы нүктені енді сот келесі аптаға дейін қоймақ. Бұған дейін де осы тәртіпсіздікке қатысты деген 16 азаматқа үкім кесілген. Келеңсіз оқиға былтыр 31 тамызда болып, 90-ға жуық адам жараланған-ды. Сүйікті әншілері Қайрат Нұртастан көңілі қалған топ жаппай жаға жыртысып, көлік пен дүкендердің күл-талқанын шығарған болатын.