Оқушыларына есірткі сатқан мұғалім ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушыларына есірткі сатқан мұғалім ұсталды

Оқушыларына есірткі сатқан мұғалім ұсталды

Жамбыл облысында мектеп мұғалімі өз оқушыларына есірткі сатқан. Білім ордасын бизнес ошағына айналдырған ұстаздың үйінен 34 пакет гашиш табылды.

  • 13 Наурыз 2014
  • 268
Фото - Caravan.kz


44 жастағы келіншек Меркі ауданындағы орта мектепте 9 жылдан бері ағылшын пәнінен сабақ береді. Оқушының сауатын ашудың орнына, есірткі саудалаған ұстаздың өзі екі баланың анасы екен. Ол, 6 сыбайласымен бірге ұсталған. Қылмыстық топтың жетекшісі мұғалімнің азаматтық некедегі күйеуі. Қолына кісен салынғандардың екеуі Тараздың, бесеуі Меркі ауданының тұрғындары.