Семейде жүк көлігі жер үйді жайпап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жүк көлігі жер үйді жайпап өтті

Семейде жүк көлігі жер үйді жайпап өтті

Семейде көмір тиеген көлік адамды жазым қыла жаздады. Түн ішінде жалпы салмағы 50 тоннадан асатын жүк көлігі жер үйдің ауласын жайпап өтіп, аударылып қалған.

  • 13 Наурыз 2014
  • 240
Фото - Caravan.kz

Жол жиегіндегі үйдің қожайындары ұйқыға кетер кезде жүк көлігі аулаға кенеттен жүйткіп кіріпті. Бір қызығы, ішінде жүргізушісі болмаған. Сондықтан  техниканың тежегіші істен шыққан деген болжам айтылуда. 30 тоннадай көмір тиеген көлік дәретхана мен қойманың түгін қалдырмаған. Жүргізушінің өзі оқыс оқиғадан кейін әлі көрінбепті. Ал үйдің иесі апаттан аман қалғанына әлі сене алмай жүр. Дәретханадан әреңдегенде атып шығыпты.


Әлімжан Қоқамбеков, Семей қаласының тұрғыны
:

— Түк қалған жоқ. Бір күн болды, ешкім келмейді! Ешкімге керегі жоқ! Бастықтары келіп қарады-қарады кетті! Біз не істейміз енді?!