Өнер Академиясының ректоры Мәдениет министрі болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өнер Академиясының ректоры Мәдениет министрі болып тағайындалды

Өнер Академиясының ректоры Мәдениет министрі болып тағайындалды

Есілдің сол жағалауында ауыс-түйіс жалғасып жатыр. Бүгін күтпеген жерден Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед қызметінен алынды.

  • 13 Наурыз 2014
  • 320
Фото - Caravan.kz

Енді ол бүгіннен бастап президент кеңесшісі. Сөйтіп Мұхтар Құл-Мұхаммед атауы осымен төртінші мәрте өзгерген үйреншікті министрлігінен Ақордаға қайта оралды. Ал мәдениет министрі болып Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер Академиясының ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды. Бір сәтте саяси мансабы өсіп шыға келген жаңа министрді ұжымға премьер таныстырып, негізгі міндеті ретінде ұлтаралық келісімді дәріптеуді тапсырды.