«Біз Қырымды референдум өткізу туралы жоспарға үзілді-кесілді қарсымыз», — деді ол Украина премьері Арсений Яценюкпен кездесуде.
Б.Обама егер Ресей «Украинаға қатысты саясатын өзгертпейтін болса» АҚШ пен өзге мемлекеттер тиісті шара қолдануға мәжбүр болатынын, Ресей «опық жейтінін» атап өтті.
16-наурызға белгіленген Қырым референдумында: «Сіз Қырымның Ресейге қосылып, РФ субъектісін атанғанын қалайсыз ба?» және «Сіз Қырым республикасының 1992 жылғы конституциясын қайта қалпына келтіріп, Украинаның бір бөлігі болып қалғанын қалайсыз ба?» деген екі сұрақ қойылады.