2012 жылдың қарашасында Алматы облысында болған Ми-8 тікұшағы апатының себебі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2012 жылдың қарашасында Алматы облысында болған Ми-8 тікұшағы апатының себебі анықталды

2012 жылдың қарашасында Алматы облысында болған Ми-8 тікұшағы апатының себебі анықталды

Көлік прокуратурасы «ЕурАзияЭйр» компаниясына тиесілі «Ми-8» тікұшағының апатқа ұшырауына байланысты қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

  • 13 Наурыз 2014
  • 345
Фото - Caravan.kz

Прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында «тікұшақ командирінің әуе кемесінің кеңістіктегі қалпын бақылай алмай, талаптарды бұзғаны» анықталды.

Хабарламаға сүйенсек, апат күрделі метеорологиялық жағдай мен көру мүмкіндігінің жоқтығынан болған. Ал, кеме командирі соған қарамастан ұшу туралы шешім қабылдаған.

«Қас-қағым сәтте болған апатты жағдай салдарынан командир тікұшақты басқара алмай, кеме апатқа ұшыраған», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, экипаждың кабина ішіндегі өзара әңгімесін сараптаған комиссия осындай тұжырымға келіп отыр.

«Тексеру барысында апатқа түрткі болуы мүмкін деген басқа себептер расталған жоқ», — делінген хабарламада.


Соған байланысты аталған қылмыстық іс тоқтатылды.

«ЕурАзияЭйр» АҚ тиесілі тікұшақ Үшарал-Достық учаскесіндегі магистральді мұнай құбырларының жағдайын тексеру үшін 2013 жылдың 24-қарашасында әуеге көтерілген болатын. Түсте онымен байланыс үзіліп қалған.

Тікұшақ араға 5 күн салып, Алакөл ауданындағы Жалаңашкөл көлінен 15 шақырым жерден табылды. Борттағы 8 адам түгел қаза тапты.