«Болашақ» стипендиясына үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Болашақ» стипендиясына үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді

«Болашақ» стипендиясына үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді

Шетелдерде маман даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу талаптарын жетілдіру туралы ұсыныс қаралды.

  • 13 Наурыз 2014
  • 666
Фото - Caravan.kz

Отырысқа Қазақстан мемлекеттік хатшысының міндетін уақытша атқарушы Кәрім Мәсімов жетекшілік етті.

Атап айтсақ, 2014 жылдан бастап магистратурада білім алып, IELTS тәжірибеден өткісі келетіндердің шет тілін білу деңгейіне қойылатына меже 3 балдан 4 балға, резидентура мен докторантура үшін 5 балға дейін көтерілді.

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық санаттағы үміткерлердің мемлекеттік тілді білуіне қойылатын минималды талаптар да күшейтілді. Бұдан былай үміткер ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 150 балдың 85-ін жинақтауы тиіс.

Сонымен қатар, білім алуға және тіл курстарын оқуға ұсынылатын шетелдік оқу орындарының тізімі қайта қаралды. 2014 жылы бұл тізім 17 университетпен толығып, ал, 8 ЖОО алынып тасталды.