Түркияда жаппай қарсылық шарасы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда жаппай қарсылық шарасы өтті

Түркияда жаппай қарсылық шарасы өтті

Түркияның түрлі қалаларында 2013 жылы Ыстамбұлда митинг кезінде жарақат алып көз жұмған жеткіншектің өліміне байланысты шеру өтті.

  • 13 Наурыз 2014
  • 372
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы мәлімдеді.

«Мен мемлекет өкілдері өлтірген бейкүнә баланы есте сақтағанын қалаймын. Ол нан сатып алуға шыққан еш күнәсіз бала болатын», — дейді жасөспірімнің әкесі.

Ыстамбұлда қарсылық шарасы кезінде оған қатысушылардың бірі қайтыс болды. Сонымен қатар елдің шығысында полиция қызметкері жүрек талмасынан көз жұмды.

Естеріңізге сала кетсек, 11 наурыз күні Ыстамбұлда 15 жастағы Беркин Эльван (Berkin Elvan) қаза тапқан болатын. Ол  2013 жылдың маусым айында Гези саябағында өткен наразылық акциясы кезінде басына полициялықтардың лақтырып жіберген газ  баллоны тиіп, ұзақ уақыт комада болып, ақыры көз жұмды.