Мұз астына түсіп кеткен екі жеткіншек құтқарылды - Астана - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұз астына түсіп кеткен екі жеткіншек құтқарылды - Астана

Мұз астына түсіп кеткен екі жеткіншек құтқарылды - Астана

Бүгін Астанада бесінші сыныптың екі оқушысы Ақбұлақ өзеніндегі мұз астына түсіп кеткен.

  • 13 Наурыз 2014
  • 400
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елордалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2003 жылы туған балалар жаттығудан келе жатып жолды қысқарту үшін өзен үстімен төте тартпақ болған. Бірақ жұқа мұз жарылып кеткен.

Екі бала мұз астына түсіп кеткен. Осы кезде Астана ішкі істер департаментінің екі қызметкері спорт кешеніне бара жатқан. Балаларды көрісімен олар балаларға көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем балаларды тексеру үшін ауруханаға алып кетті.

Астананың төтенше жағдайлар департаменті көктемгі мұздің қауіпті екенін ескертеді.