Жоғалған Boeing-тан шыққан дабылдар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғалған Boeing-тан шыққан дабылдар анықталды

Жоғалған Boeing-тан шыққан дабылдар анықталды

Байланыс жер серіктері із-түзсіз жоғалған малайзиялық Boeing 777-200 ұшағынан шыққан әлсіз электронды дабылдарды тіркеді. Алайда бұл дабылдар арқылы оның қазір қайда және қандай күйде екенін анықтау мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.

  • 14 Наурыз 2014
  • 305
Фото - Caravan.kz


Дабылдар ақауларды іздеу жүйесінен шықты, бірақ техникалық ақаулар туралы толық ақпарат ақыры анықталмады.
Еске сала кетейік, ішінде 227 жолаушысы мен 12 экипаж мүшесі бар "Малайзиялық авиажүйлердің" Boeing 777-200 ұшағымен байланыс 7 наурыз күні Малайзия астанасынан ұшып шыққаннан кейін екі сағаттан соң үзілді. Қазіргі уақытта лайнерді Малайзия, Қытай, Сингапур, Вьетнам, Филиппин, Индонезия, Үндістан және АҚШ елдерінің авиациялары мен кемелері жұмыла іздеуде.