Астанада құрылыс алаңында биіктіктен құлаған жұмысшы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада құрылыс алаңында биіктіктен құлаған жұмысшы қаза тапты

Астанада құрылыс алаңында биіктіктен құлаған жұмысшы қаза тапты

13 наурыз күні сағат таңертеңгі 11-лер шамасында Астана қаласында жүріп жатқан құрылыста екі метрге жуық биіктіктен «Базис-А» ЖШС жұмысшысы 1987 жылы туған А.Жанадыров құлап, түрлі жарақаттар алған. 

  • 14 Наурыз 2014
  • 273
Фото - Caravan.kz


Ол Сарайшық және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы салынып жатқан қонақ үй құрылысында жұмыс істеп жүрген. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді. 

Ал, Алматы ауданындағы ТЭЦ-2 аумағындағы жаңадан салынып жатқан ғимараттан құлаған жұмысшы өкінішке орай, оқиға орнында қаза тапты. «ЦентрКазЭнергоМонтаж» АҚ жұмысшысы 1971 жылы туған Н.Біләлов монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде 16 метр биіктіктен құлап кеткен.

Сондай-ақ Сарыарқа ауданындағы сұрыптау паркінде кеше сағат 20.55-те вагондарды тіркеу кезінде 1992 жылы туған К.Зият аяғынан жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.