ЕО ұялы телефондарға арналған әмбебап зарядкаға көшуге бел буды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕО ұялы телефондарға арналған әмбебап зарядкаға көшуге бел буды

ЕО ұялы телефондарға арналған әмбебап зарядкаға көшуге бел буды

Еуроодақ ЕО елдерінде өнім таратушы ұялы телефон өндірушілерін үш жыл ішінде әмбебап зарядтау құралына көшуге қол жеткізуді міндеттеу туралы шешім қабылдады, деп жазады бүгін «Монд» газеті.

  • 14 Наурыз 2014
  • 345
Фото - Caravan.kz


Бұл шешімді Еуропарламент таяуда өткен отырыс барысында мақұлдады.

ЕО елдері аумағында ұялы телефондарға арналған әмбебап зарядтағыш құрал енгізу жоспары туралы Брюссельде 2011 жылы-ақ айтылған болатын. Ол кезде әмбебап стандартты құралға қатысты Samsung, Sony Ericsson, Nokia мақұлдау білдірген. Алайда бұл жоспар ақырында жүзеге аспады.