Еліміздің батыс аймағы наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің батыс аймағы наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті

Еліміздің батыс аймағы наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті

Еліміздің батыс аймағы тұрғындары наурыз мерекесін атап өте бастады. Бұл өңірде «көрісу» немесе «амал» деп аталатын мейрамда кішілер үлкендерге сәлем беріп, төс қағыстырып көріседі.

  • 15 Наурыз 2014
  • 211
Фото - Caravan.kz


Әр шаңырақ қазан көтеріп жарымжан жандарға қайыр-садақа үлестіреді. Бұрын бұл мейрамда ауылдарда ірі жәрмеңкелер ұйымдастырылған. Бұл дәстүрді биыл ақтөбеліктерде жаңғыртпақ болыпты.Мүмкіндігі шектеулі қолөнер шеберлерінің туындыларынан көрме ұйымдастырды. «Жыл басын жақсылық жасап қарсы алу керек» деп ұғынған жұрт мүгедектердің қолынан шыққан бұйымдарды жаппай сатып алып жатыр. «Көрісу-тек дастархан жайып, құрмет көрсету ғана емес, қайырымдылық пен достықты дәріптейтін мереке» дейді жергілікті тұрғындар.