Қаладағы мектептердің біріне былтыр ғана тағайындалған басшы еш қымсынбастан бос орындардың бағасын белгілеген. Еден жуушыны қабылдау үшін 50 мың, ал медициналық қызметкердің орнына 150 мың теңге сұрапты. Орынбасарын осы жұмысқа жегіп, оны делдал ретінде пайдаланған. Екі оттың орасында қалған орынбасары ақыры қаржы полициясына хабар беріпті. Енді директор қызметінен қуылып, 3 жылға шартты мерзімге шектелді. Егер үкім талабы бұзылатын болса, сол мерзімге түрмеге түсуі мүмкін.