Павлодарда тірі адам өлілердің санатынан бір шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда тірі  адам өлілердің санатынан бір шықты

Павлодарда тірі адам өлілердің санатынан бір шықты

Көзі тірі адамды көз жұмғандардың қатарына қосып жіберген.  Павлодарда бір парақ қағазда кеткен қателіктен жас ана тірілер санатынан алынып тасталды. Сымбат Бердалина өзінің «қайтыс болғанын» толғақ қысып перзентханаға түскенде бір-ақ білген. Әкесі нәрестеге құжат жасатуға барғанда ондағылар әйелінің әлдеқашан өлілер тізімінде екенін айтыпты. 34 жастағы ерлі-зайыптылар енді өздерін мазақ қылған мекемелер жауапқа тартылсын деп ашынып отыр.

  • 15 Наурыз 2014
  • 215
Фото - Caravan.kz

Аядай бөлмені паналаған Алтыбазаровтар отбасында осыдан бір ай бұрын қызғалдақтай қыз туды. Кішкентай Жасминаның туу туралы куәлігін алуға кеткен әкесі төлқұжат үстеліне келгенде жағасын ұстаған. Орталық қызметкері «Әйеліңіз үш жыл бұрын өлген» депті. Кейін сұрастырса, аудандық аурухананың мамандары оны Қымбат есімді марқұм әпкесімен шатастырып алған екен. Енді анықтамадағы қателік үшін отбасы қиындық көріп отыр.

Ерлан Алтыбазаров:

Маған айтты, «міне, сенің келіншегің өліп қалған, ол кісіні тірілту керек деді. Ал қайтыс болған әпкесін қайтадан өлтіру керек деп маған солай айтты. Ол кісі қазір тірі жүр деп айтты. Орындарын ауыстыру керек, сол үшін сотқа барыңыз деді.

Бір қызығы, тірілердің тізімінен ысырылып тасталған Сымбат өз атына банктен несие алып, жұмыс та істеп жүрген. Тіпті, декреттік демалысын да рәсімдепті. Енді құзырлы орындардың осы салғырттығынан нәрестелеріне құжат та ала алмай отыр.


Сымбат Бердалина:  

-Қалай өлген кісі мен тірі кісіні шатастырып алуға? Соны істеген кісі жауапқа тартылу керек міндетті түрде!

Ал құжатта қате жіберген Әділет бөліміндегілер «заңнан аттамадық» деп бет бақтырар емес.

Раушан Сәбитова, Павлодар облыстық Әділет департаментінің бөлім жетекшісі:

-Аталмыш азаматшаның қайтыс болғаны туралы медициналық анықтама Әділет басқармасына 2011 жылы түсті. Өтініш оның ата-анасынан жазылған. Соның негізінде Сымбат Бердалинаның қайтыс болуы туралы акт толтырылды.

Мекемеден мекемеге көшкен «қаралы қағаздың» бастапқы мекен-жайының табылуы екіталай. Әділет қызметкерлері анықтаманы марқұмның анасы толтырды десе, қараптан-қарап әуреге түскен отбасы бұл түсініктемені елер емес. Енді түйткілдің түйінін сот қана тарқата алады.