Семейде жауған жаңбыр қатып жолдар көктайғаққа айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жауған жаңбыр қатып жолдар көктайғаққа айналды

Семейде жауған жаңбыр қатып жолдар көктайғаққа айналды

Семейде күн райы аяқасты құбылып, көшелер көктайғақ болып жатыр. Оның үстіне таңнан бері толассыз жауған жаңбыр жолдарды көлге айналдырған.

  • 15 Наурыз 2014
  • 350
Фото - Caravan.kz


Өскеменнен Семейге қарай қатынаған мына машина көктайғақта жолдан шығып қалған. Темірді толтыра тиегендіктен өз күшімен көтеріле алмай, құтқарушыларды шақырыпты. Жан-жағын қардан аршып, ауыр техниканың арқасында ғана оны әупірімдеп алып шықты. Семейдің өзінде де, жағдай мәз емес. Күн бір жылып, бір суығаннан көшелерді мұз басқан. Қар еріп, оның үстіне жаңбыр суы қосылып, жүргізушілерді әбден әбігерге салуда. Кей жерлерде судың тереңдігі тізеден келеді. Айта кететіні, жақында күн қайта суытады деген болжам бар.