Астана бойынша қаржылық бақылау жөніндегі инспекцияның бас маманы – бас бақылаушы ревизорын пара алды деген күдікпен ұстады.
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, әйел тексеру қорытындысына анықталған заң бұзушылықты көрсетпеу үшін 3 мың доллар пара алған.
Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.