Астанада ірі көлік апаты орын алды, 11 адам зардап шекті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ірі көлік апаты орын алды, 11 адам зардап шекті (ВИДЕО)

Астанада ірі көлік апаты орын алды, 11 адам зардап шекті (ВИДЕО)

Бүгін шамамен таңғы 08.00 кезінде Астана мен Ақмола облысының Целиноград ауданы, Қосшы елді мекені автожолының 12-ші шақырымында ірі жол апаты орын алды. Онда №43 бағыттағы жолаушылар автобусы мен жүк көтергіш кран машинасы соқтығысқан.

  • 17 Наурыз 2014
  • 397
Фото - Caravan.kz

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекованың мәліметінше, автобустың ішіндегі 11 жолаушы әртүрлі дене жарақатын алған. Олардың барлығы жедел жәрдеммен қала ауруханаларына жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында 2007 жылы туылған бала бар, ол да балалар ауруханасына жеткізілді.

«Алдын ала болжам бойынша, апатқа кран жүргізушісі кінәлі. Ол оңға қарай бұрылып барып, тура келе жатқан автобусты өткізбей, жолға шығып кеткен деген болжам бар», — дейді С. Қылышбекова.