Елбасы Гаагада өтетiн ядролық қауiпсiздiк жөнiндегі саммитке қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Гаагада өтетiн ядролық қауiпсiздiк жөнiндегі саммитке қатысады

Елбасы Гаагада өтетiн ядролық қауiпсiздiк жөнiндегі саммитке қатысады

ҚР Президентi наурызда Нидерланды Корольдiгiне ресми сапармен барады.

  • 17 Наурыз 2014
  • 393
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi. 

"Президент баспасөз қызметiнiң мәлiметтерiне сәйкес, Нидерланды Премьер-министрi Марк Рюттенiң шақыруымен 23-25 наурызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Гаагада өтетiн ядролық қауiпсiздiк жөнiндегі саммитке қатысады. Сапар барысында ҚР Президентiнің Нидерланды Королi Виллем Александрмен және Премьер-министрi Марк Рюттемен кездесуi, сонымен қатар "Шелл" және "Филлипс" трансұлттық компанияларының жетекшiлерiмен екiжақты кездесуi өтедi деп жоспарлануда", — деп атап өттi ол брифингте. 

Кездесулердiң қорытындылары бойынша, саясат, экономика, технология, ғарыш, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, бiлiм салаларында екiжақты келiсiмдерге қол қойылады.