Қазақстанда жұмыс іздеп табаны тозғандарға ғана жұмыссыз мәртебесі беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жұмыс іздеп табаны тозғандарға ғана жұмыссыз мәртебесі беріледі

Қазақстанда жұмыс іздеп табаны тозғандарға ғана жұмыссыз мәртебесі беріледі

Қазақстанда қанша іздесе де "екі қолға бір күрек" таба алмағандар ғана жұмыссыз мәртебесін ала алады.

  • 17 Наурыз 2014
  • 592
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Еңбек және халқты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

"Қазір тіркелген адам жұмыс тапқанға дейін жұмыссыз болып саналады. Бірақ, біз қазір жаңа өзгерістер әзірлеп жатырмыз. Әлемдік тәжірибеде тіркелген адамдарға бірден жұмыссыз мәртебесі берілмейді.

Сізге әртрүрлі вакансиялар, жұмыстар ұсынылады немесе оқуды ұсынады. Мұны белсенді түрде жұмыс іздеу деп атайды. Сол уақыт аралығында жұмыс тапсаңыз жұмысқа шығасыз. Ал, таппасаңыз жұмыссыз деген мәртебе береді және сізге үнемі жұмыс қарастырылады", — деді ол дүйсенбі күні президент жанындағы ОКҚ өткен брифингте.

"Бұдан былай, әрбір адам өкілетті органмен бірлесіп белсенді әрекет етуі тиіс", — деп қорытты министр.