Алайда әзірге гривеньді пайдалануға ешқандай шектеу қойылмайды, деп мәлімдеді Қырым республикасының премьері Сергей Аксенов.
«Курорт маусымында Қырым аумағында гривень айналымнан алынбайды. Сәуір айынан бастап рубль республиканың негізгі ақша бірлігіне айналмақ», — деп жазды С.Аксенов өзінің «Твиттердегі» микроблогында.
Бұған дейін Қырымның Жоағырғы кеңесі Ресей рублін республиканың ресми ақша бірлігі деп жариялаған болатын. Қаулыда украин ақшасының да 2016 жылдың 1-қаңтарына дейін ресми валюта ретінде пайдаланылатыны айтылған.