«Прайм Плаза» сауда ойын-сауық орталығының директорына айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Прайм Плаза» сауда ойын-сауық орталығының директорына айыппұл салынды

«Прайм Плаза» сауда ойын-сауық орталығының директорына айыппұл салынды

Дүйсенбі күні Алматыдағы Әуезов ауданының соты өткен жылдың тамыз айында «Прайм Плаза» сауда ойын-сауық орталығында болған тәртіпсіздіктер үшін осы нысанның директоры Ахан Нұрсейітовке 1,8 млн теңге айыппұл салды.

  • 18 Наурыз 2014
  • 443
Фото - Caravan.kz


«Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 232-ші бабы бойынша деп танылды. Оған 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынсын. Үкім 15 күннен кейін күшіне енеді», — деп дүйсенбі күні судья Марат Елемесов мәлім етті.

2013 жылдың 31-тамызында «Прайм Плаза» сауда ойын-сауық орталығында әнші Қайрат Нұртастың концертіне келген көрермендер жаппай тәртіпсіздік орнатып, бір-біріне тас пен бөтелке лақтырған. Салдарынан сауда орталығы мен бірнеше машинаны зақымданып, сол жолы 90 адам жарақат алған-ды. Олардың арасында құқық қорғау орындарының 37 қызметкері бар.