Ақтөбеде аналар үйі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде аналар үйі ашылды

Ақтөбеде аналар үйі ашылды

Ақтөбеде баласынан безінбек болған аналарды райынан қайтаратын арнайы үй ашылды. Онда тұрмыс тауқыметін көтере алмай, сәбиін туа салысымен тастап кетпек болған қыз-келіншектерге қолдау көрсетілетін болады. Қала орталығындағы коттеджде олар бір жарым жыл тұрып, киім-кешек, азық-түлікпен ақысыз қамтамасыз етілмек. Тірі жетімдер санын азайтуға бағытталған бұл шараға жергілікті кәсіпкерлер қолдау білдіріп отыр.

  • 18 Наурыз 2014
  • 610
Фото - Caravan.kz

— Көмектесетін адамдар жоқ қазір. Мамам алыста, папаларым алыста, тумаларым алыста. Осы қалада тек жалғыз өзім.

Жат жерде жүкті болып, жалғыз қалған Эзаура жастығына қарамастан талай қиындықты бастан өткергенін айтады.Студент кезінде ана атанған ол сәбиінің әкесін еске алғысы жоқ. Перзентханадан шыққан жарты жылда құрбыларының пәтерін жағалапты. Ақыры шыдамы таусылған соң бөбегін уақытша сәбилер үйіне өткізбек болған.  

Эзаура:

-Жағдайым нашарлап бара жатқасын мен баланы Үмітке тапсырғым келді үш жылға. Оған дейін «көтерілем» деп. Балам да оған дейін өседі. Маған емхагнадағы өзімнің педиаторларым айтқан. Сен «Үміт»-ке тапсырғанша балаңды  «Ана үйі»-не бер деп. 

Қазір Эзаура қасындағы 4 келіншекпен кәсіпкерлер ашып берген Аналар үйінде тұрып жатыр. Мұнда үш мезгіл тегін ас ішіп, сәбиі күні-түні дәрігердің бақылауында болады. Осындай арнайы орталықтар тастанды балалардың азайту үшін ашылып жатыр.

-Ақтөбедегі мына «Үміт» сәбилер үйінде 67 бөбек тәрбиеленуде. Олардың жартысынан көбін аналары уақытша тастап кеткен. Алғаш келгенде қыз- келіншектер жағдайының ауырлығын, бала бағуға мүмкіндігі жоқтығын айтып өтініш білдіреді дейді сәбилер үйі қызметкерлері.

Қазір өңірдегі балалар үйінде ата-анасы қайтыс болып, тұл жетім қалғандары мүлдем жоқ. Барлығы әке-шешесінен тірілей айрылғандар. Жалғыз басты әйелдер қиындыққа төзе алмай баласынан безінуге мәжбүр болады екен.


Жанна Тастанова, «Үміт» сәбилер үйінің әлеуметтік педагогы:

-Ананың орны бөлек. Қаншама Үкімет те, қарап жатқан адамдар болса да, балалардың маңдайын сипаса да ананың орны бөлек ол. Біздің балалар аналарын күтеді. Асырап алған жағдайда өз анасына сияқты тартылады. 

Аналар бөбегінен безінбес үшін Ақтөбеде әлі 2-3 орталық ашу жоспарда бар. Қиындыққа тап болған қыз-келіншектермен арнайы психологтар жұмыс істейді. Кәсіпкерлер қолдауымен оларды алдағы күндері жұмыспен қамту жайы да қарастырылмақшы.