Астанада жолаушыларға лық толы автобус кранмен бетпе-бет соғылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жолаушыларға лық толы автобус кранмен бетпе-бет соғылды

Астанада жолаушыларға лық толы автобус кранмен бетпе-бет соғылды

Астанада жол апаты орны толмас қайғымен тына жаздады! Жолаушыға лық толы автобус автокранмен бетпе-бет соғылып, 16 адам зардап шеккен. 

  • 18 Наурыз 2014
  • 293
Фото - Caravan.kz


— Орындықтар күл-талқан болды.

—  Соққыдан бәрі жұлынып кетті.

Іргедегі Қосшы ауылынан Астанаға бағыт алған автобус жүргізушісі әлі есін жия алмай жүр. Ал көлік іші қан іздерінен көрінбейді. Апатқа мына төңкеріліп жатқан кран жүргізушісі айыпты. 27 жастағы азамат ережені өрескел бұзған. Бұрылыстардың бірінде өзгелерге" жол бермей өте шығам" деген кран қарсы бағыттағы жолаушыға толы қоғамдық көлікке соғылған. Мұнымен де тоқтай алмай 2 жеңіл машинаны жаншып кетті. Құдай сақтап жолаушылар аман қалды. Бірақ 5 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Сүйегі сынып, миы шайқалған 16 зардап шегушінің арасында мектеп оқушылары да бар. Ал қос жүргізуші жеңіл жарақатпен құтылған. Айта кетсек, соңғы уақытта  Елордада автокранның қатысумен болатын апат жиілеп кетті. 2 жыл бұрын да осындай ауыр техника автобусқа соғып, 4 жолаушы қаза тапқан болатын.