Иосиф Кобзон «Днепропетровскінің құрметті азаматы» атағынан айырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иосиф Кобзон «Днепропетровскінің құрметті азаматы» атағынан айырылуы мүмкін

Иосиф Кобзон «Днепропетровскінің құрметті азаматы» атағынан айырылуы мүмкін

Украинаның Днепропетровск қаласының тұрғындары Украина және Кеңес Одағының халық әртісі Иосиф Кобзонды «Құрметті азамат» атағынан айыру үшін қол жинай бастады.

  • 18 Наурыз 2014
  • 297
Фото - Caravan.kz

Кеше баспасөз мәслихатында акция бастамашыларының бірі Андрей Богатырев бұған И.Кобзонның Украинадағы жағдай туралы айтқан жағымсыз сөздері себеп болғанын айтады.

«Иосиф Кобзон ақпан айында жасаған мәлімет Днепропетровскінің құрметті азаматына тән қылық емес. Днепропетровскіліктер құрметке лайық. Иосиф Кобзонның жасындағы адам парасатты болуға міндетті. Ол өз өнеріне табынушылар мен өз қарсыластарының сезіміне қаяу түсірмекі керек», дейді П.Богатырев.

Оның айтуынша, қала тұрғындары қол жинауда, оны мемлекеттік кеңеске беріп, Днепропетровск қалалық кеңесінің сәуірлік сессиясында бұл мәселе қаралуы мүмкін.