Ата-анасынан денесіндегі жұдырық іздерін жасыру үшін жол апаты болды деп ойдан құрастырған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ата-анасынан денесіндегі жұдырық іздерін жасыру үшін жол апаты болды деп ойдан құрастырған

Ата-анасынан денесіндегі жұдырық іздерін жасыру үшін жол апаты болды деп ойдан құрастырған

Павлодар облысының полициясы Жаңа қала ауылының тұрғынын жол апаты туралы жалған мәлімет бергені үшін жауапкершілікке тарту туралы мәселе қарастыруда.

  • 18 Наурыз 2014
  • 573
Фото - Caravan.kz

23 жастағы қыз бірнеше күн бұрын ауруханаға жеткізілген. Ол көлік қағу салдарынан дене жарақатын алғанын мәлімдеген. Бұл туралы  облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция қызметкерлері қызды қаққан көлік жүргізушісін іздеуге кіріскен.

Алайда тексеру барысында жәбірленуші қыз кафеде бейтаныс біреу дене жарақатын салғанын мойындаған. Ата-анасынан көгерген жерлерін жасыру үшін ол жолдың өтетін жеріне барып жатқан да, ары-бері өткендердің жедел жәрдем шақыруын күткен.

Осылайша қыз жол апаты туралы жалған мәлімет берген. Қазір қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қаралуда.