Ақтауда компания күзетшісі әріптесін атып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда компания күзетшісі әріптесін атып өлтірді

Ақтауда компания күзетшісі әріптесін атып өлтірді

Ақтауда басына оқ тигеннен арнайы күзет қызметі басқармасының қызметкері қаза болды.

  • 18 Наурыз 2014
  • 456
Фото - Caravan.kz

"Оқ оның самайына тиіп, маңдайынан шыққан. Дәрігерлер көмек көрсетіп үлгермеді, ол ауруханаға жетпестен жолда қаза болды", деп хабарлады сейсенбіде облыстық аурухананың директоры Нұрлан Тілепов.

Аймақтың құқық қорғау органдарындағы дереккөздің"ИФ-Қазақстанға" хабарлауынша, оқиға өткен дүйсебіде ертеңгілік уақытта "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-не тиесілі нысанда болған.

"Онда екі күзетші болған,бірі екіншісіне оқ атқан.Тергеу бұл кездейсоқ жәйт пе, сол жағын анықтауда", деді агенттікпен әңгімелесуші.