ОҚО-да төртем дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да төртем дүниеге келді

ОҚО-да төртем дүниеге келді

Оңтүстік Қазақстан облысында төртем дүниеге келді. 4 баланың туылуы сирек кездесетін құбылыс. Оңтүстікте мұндай оқиға соңғы он жыл көлемінде болмапты. 4 бүлдіршіннің анасы 28 жастағы Рәбия Шерметованың да, шақалақтардың да денсаулығы бірқалыпты.

  • 19 Наурыз 2014
  • 346
Фото - Caravan.kz

Бөбектер мерзіміне жетпей, 7 жарым айлығында дүниеге келген. Табиғи жолмен босандыру қиын болған соң, баланы кесір тілігі арқылы алыпты. Төртемдердің үшеуі қыз, біреуі ұл – Фатима, Зухра, Захра және Хасан. Шақалақтар 6 күн жансақтау бөлімінде жатыпты. Қазір анасының сүті аздық еткендіктен, бүлдіршіндер балаларға арналған қоспамен де тамақтандырылып жатыр. Рәбия Шерметованың төртемге дейін 7 жастағы тұңғыш ұлы да бар. 


Рәбия Шерметова, төртемнің анасы:

-Узиге бірінші барғанда айтты төрт бала, біріншіде 4 бала деген еді. Кейін соңғысында 1 бала, үш қыз деп айтты.    Күйеуім біріншіде қорықты кішкентай. Кейін үйренді ғой. Ия, қазір сүйініп үйдегілерде, бәрі жақсы қабылдап жатыр.