Ақтөбеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері парамен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері парамен ұсталды

Ақтөбеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері парамен ұсталды

Шекара қызметінің кадр бөлімінде істейтін Мұрат Айтбеков жергілікті тұрғынды жұмысқа орналастыру үшін ақша сұраған.

  • 19 Наурыз 2014
  • 188
Фото - Caravan.kz


Ақтөбелік азамат бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитетінің психологиялық сынағынан сүрінген екен. Өтпей қалған соң, оған кадр бөлімінің маманы көмек беретінін айтыпты. Ол үшін 125 мың теңге сұраған. Мұрат Айтбеков кабинетінде пара алып жатқанда қолға түсті. Алғашқыда қарызым еді деп жалтарғанымен, кейін ақша алу кезіндегі бейнетаспаны көрсеткен соң, кінәсін мойындаған.