Дариға Назарбаева, Мәжіліс депутаты:
— Қатардағы жүргізушілерді айтпағанда мемлекеттік органдардың көліктері де, газбен жүрсін.
— Парламенттен бастайық.
-Жоқ, Үкіметтен бастайық. Олардың машиналары көп қой…..
Газға көшіруді кімнен бастарын білмей сөз таластырған депутаттар ұзақ салғаласты. Өйткені елімізде көгілдір отынмен тек 12 мың көлік жүреді. Бағасы бензиннен 2-3 есеге арзан. Әрі қоршаған ортаға зияны аз. Ал оған жаппай өту үшін алдымен машиналарға газ балондарын орнату қажет. Яғни, автомобильдің салмағы тағы 15-30 келіге артады. Сондықтан қолданыстағы бірқатар техникалық стандарттар өзгеріске ұшырауы мүмкін. Халық қалаулылары зейнеткерлерге арнайы қондырғыларды ақысыз орнатып беруді ұсынып отыр. Сондай-ақ, жанармай құю бекеттерінің қожайындарына қосымша газ станцияларын да салу міндеттелмек. Мәселен, қазір Астанада газ құятын алты-ақ бекет бар екен. Оның санын 500-ге жеткізу жоспарлануда. Мұның бәрі әзірше ұсыныс күйінде. Бірақ жоба мақұлданса, шенеуніктер шұғыл іске кіріскелі отыр.
Мағзұм Мырзағалиев, Мұнай және газ вице-министрі:
-Газдың қоры жеткілікті. Бүгін газдың көлемі Қазақстанда 6-7 триллион текше метр құрайды. Маңғыстау облысында газдың құны 32 теңге, осы Астанада 55-60 теңге. Ал, бензиннің бағасы 115 теңге. Сондықтан әлдеқайда пайдалы болады.