Атырауда дүлей дауыл тұрды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда дүлей  дауыл тұрды

Атырауда дүлей дауыл тұрды

Атырауда дүлей дауыл бірнеше ғимаратты шатырсыз қалдырды. Әсіресе, күні кеше ғана жөндеуден өткен 5 қабатты тұрғын үйдің төбесін жайпап кеткен. Сондай-ақ күшті желден соңғы жылдары пайдалануға берілген үйлердің қабырғалары да жұлынып қалды.

  • 19 Наурыз 2014
  • 237
Фото - Caravan.kz


Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тек қаладағы жеке компаниялардың бірінің шатыры ұшып, ғимарат алдындағы 3 жеңіл машина пен бір шағын автобустың үстіне түскен. Көліктерге едәуір зақым келді. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, бір күннің ішінде облыс аумағында дауыл 7 нысанның шатырын жұлып әкеткен. Арасында орта мектеп те бар.